14.03.2017, 16:19
Оқылды: 19

Ардагерді қос медальмен марапаттады

IMG-20170314-WA0061Облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Мұхметқали Сатов Ұлы Отан соғысының және ішкі әскер саласының ардагері Семен Данилиннің үйіне барып, оны қос медальмен марапаттады. 


Биыл 103 жасқа толатын ардагердің өңірі «Қазақстан Республикасының құқық қорғау әскеріне 25 жыл» және «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медальдарымен толықты.

Сондай-ақ оған Ұлттық ұлан әскери қолбасшылығы шығарған «Біз Жеңістің мұрагерлеріміз» атты кітап табысталды. Бұл кітапта Семен Акимовичтің де өмір жолы мен соғыстағы ерліктері баяндалған.

-Біздің алдымызда жастарды қазақстандық партиотизм рухында тәрбиелеу міндеті тұр. Соғыс көрген аға буын өкілдерінің Отан қорғаудағы жанкешті ерліктері мен өнегелі істері жас ұрпаққа әрқашан үлгі болып қалады. Сол себепті біз жоспарлы түрде жауынгерлердің Семен Данилин секілді ардагерлермен кездесулерін жиі ұйымдастыруға тырысамыз.

Жалпы, біз ардагерлерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Әрбір мереке сайын үйлеріне арнайы барып, құттықтаймыз. Олар тұратын қалаларда орналасқан біздің әскери бөлім қызметкерлері ардагерлерді өз қамқорлығына алды. Әскери бөлім қызметкерлері айына екі-үш рет үйлеріне барып, жағдайларымен танысып, қажет көмек беріп тұрады, - деді БАҚ өкілдеріне сұқбат берген Мұхаметқали Сатов.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале