24.02.2017, 17:35
Оқылды: 73

Ардагерлерді ардақтайық!

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында нұротандықтар Ұлы Отан соғысының ардагерлері Юрий Сергеевич пен Константин Леонтьевичпен кездесіп, азық-түлік табыстады.


Бүгінде тоқсаннан асса да тың қозғалатын Юрий Сидоров жастық шағында жиі саяхаттаған. 1973 жылы дос баласы екеуі екі ай бойы мотоциклмен Орал қаласынан бастап Шымкент, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан Республикаларының қалаларын аралаған. Кейін Ұлы Отан соғысы басталып, майданға аттанады. Майдан даласында мерген болып жүріп, әскери тапсырманы орындау барысында жарақаттанады.

- Бала күнімнен тир атқанды жақсы көретін едім. Харков қаласының маңайында өткен кескілескен шайқаста 24-атқыштар дивизиясының мергені болып бірнеше жаудың көзін жойдым. Сол үшін «Украинаны азат еткен үшін», «Ерлігі үшін» төсбелгілермен марапатталған едім. 1944 жылы мина жарықшақтарынан аяғым қатты жараланған соң госпитальда сегіз ай емделдім де, елге оралдым. Үш перзентім бар. Бейбіт өмір сүріп жатырғанымызға мың тәубе деймін. Елбасының саясатының арқасында ардагерлерге жағдай жасалуда. Дәрігерге жүйелі тексеріліп, ем-домымызды қабылдап тұрамыз ,- дейді ардагер алғысын білдіріп.

Сондай-ақ 1944 жылы Қиыр Шығыс майданына аттанған он жеті жасар Константин Леонтьевич Новеньки ауылында дүниеге келген. Майдан даласында байланысшы болған ардагер жапон армиясына қарсы ұрыс болып жатырғанда үзілген байланыс сымын жөндеп, «Ерлігі үшін» кейін, «2 дәрежелі Отан соғысы», «Ерлігі үшін» төсбелгілерімен марапатталады.

Ардагер көзіне жас алып, жыл сайын елеп-ескеріп келетін нұротандықтарға алғысын айтты.

Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале