10.07.2019, 13:10
Оқылды: 164

Арыстық балалар Оралға демалуға келді

Арыстан 50 бала Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығында демалатыны туралы жазылған еді.

 lager arys (5)

Бүгін балаларды Орал теміржол вокзалынан «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры Гүлсім Ғабдулғазизқызы қарсылап алды.

Лагердің «Үш тұғырлы тіл» жазғы мәдени-танымдық ауысымына Арыс қаласының 2-11-сынып оқушылары және Ресейдің Самара облысының «Ақ жол» аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автаномиясы қоғамдық ұйымының оқушылары (2-10-сынып) және облыс мектептерінің 4-10 сынып оқушылары қатыспақ.

Арыстан келген балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға «Жайық Мұнай Газ» ЖШС директоры Ж.Даркеев, «Ақжайық» футбол клубының директоры А.Шайхы, «РИАМИР» ЖШС директоры С.Чудненко, «Kinoplexx West» ЖШС бас директоры М.Идельбаев, «Орал Завод Зенит» АҚ бас директоры В.Валиев, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ғ.Қапаков сынды азаматтар мен Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы демеушілік көрсетті.

Айта кету керек, «Үш тұғырлы тіл» ауысымы 10-19 шілде аралығында өткізіледі. Бағдарламада үштілді меңгеруге байланысты танымдық сабақтар, тренингтер, жіптік курстар, мәдени-танымдық шаралар, спорттық ойындар бар. Балалар оқушылар және жастар сарайындағы бассейінге шомылып, облыстық тарихи-өлкетану музейін, осы музейге қарасты Е.Пугачев атындағы және А.Пушкин атындағы музей үйін, «Рухани жаңғыру», М.Мәметова атындағы облыстық тарихи-мемориалдық музейін тамашалайды. «Жайық» қалашығын көріп, Достық үйіне және Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына барады. «Robofest» облыстық ақпараттандыру орталығы мамандарының шеберлік сағаттарына қатыспақ.

Үміт Жәңгірова,

БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале