25.06.2019, 9:19
Оқылды: 164

Арыстықтырға көмектесу үшін әлеуметтік даму қоры ашылды

Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін облыс әкімшілігінің жанынан "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік даму қоры ашылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

arys

Арыс қаласындағы оқиға барша қазақ елін алаңдатуда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен аудан, қалаларда халықпен кездесетін орын әзірленіп,  тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген.
Қиын жағдайға тап болған Арыс қаласының тұрғындарына қалай көмектесеміз?
Осы сұраққа жауап беру үшін Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында «Арыс – көмек» деген арнайы блог ашылды.

Жарылыстан кейін жақынын, баласын жоғалтқандар осы сайтқа кіріп, мәлімет ала алады. Ал туған-туысын іздеген азаматтар [email protected] электрондық поштасына бар мәліметті жолдай алады.
«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері:
Түркістан облысы
Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,
Пошта индексі 161200
БСН (БИН) 100440016000
«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы
ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540
БСК (БИК) IRTYKZKA
Арыстық ағайынға бірге көмектесейік!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале