27.04.2019, 14:17
Оқылды: 16

«Ашық әкімдікке» 250-ден астам адам келді

Бүгін Орал қаласындағы Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының фойесінде кезекті «Ашық әкімдік» шарасы өтті.

IMG_6043

 Әкімшілік тосқауылдарды жою және жергілікті атқарушы билік буындары жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бағытында ұйымдастырылған дәстүрлі шараға бұл жолы 250-ден астам облыс тұрғыны келді.

IMG_6060

Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері үш сағаттан астам уақыт азаматтарды қабылдап, олардың сан түрлі мәселелері бойынша сауалдарға жауап берді.

IMG_6092

Қазір облыс тұрғындары бұрынғыша апталап кеңсе табалдырығын тоздырмай, қабылдауға алдын ала жазылусыз, мәселені санаулы минут ішінде шешіп беретін «Ашық әкімдік» шарасының тиімділігін бағалап үлгерген. Тоқсан сайын ұйымдастырылатын шараның мерзімі бұқаралық ақпарат құралдары мен облыстық және қалалық әкімдіктердің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында алдын ала хабарланады. Бұл жолы да тұрғындарды толғандырған мәселелердің дені тұрғын үй мен жер кезегі, әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеу, жолдар мен аулаларды жөндеу және кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге қатысты. Жыл өткен сайын сұрақтардың жеке мәселеден гөрі, көпшілікке ортақ сипат алып келе жатқаны қуантады.

Динара Жұмабекқызы,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале