12.08.2017, 14:27
Оқылды: 53

Ашық аспан астындағы талқылау (ФОТО)

 Бүгін Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Рухани жаңғыру – келешектің кепілі» атты шара өтті.

Шараға спикер ретінде «Қазақстан-2050» қозғалысы» кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Мұхтар Манкеев, Батыс Қазақстан облысындағы «Аялаған алақан» қоғамдық қорының жетекшісі Рада Хайрушева, Астана қаласының азаматтық кеңесінің төрағасы, кәсіпкер Тимур Ілиясов қатысты.

Спикерлер қоғамның бәсекеге қабілеттілігі, рухани жаңғырудың іске асырылуы мен келешек үшін маңызы туралы сөз қозғады. Шараға қатысқан қала тұрғындары мен қонақтары спикерлерге өздерін толғандыратын мәселелер бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.

- Басты мақсат - жаңа коммуникацияның құралдары арқылы қоғаммен бірігіп, республиканың, өңірдің дамуына, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға қосатын үлес салмағын анықтау. Халықтың ойы қандай, қандай бастамалары бар, "Туған жер", "Жаңа есім", "Ұлттық код", тағы басқа бағыттары бойынша алып-қосарлары бар ма, реестрге кірмей қалған жаңа жобалар бола ма, соларды талқылағымыз келеді. Орал қаласынан бастау алған "Ашық алаң - 2050" жобасы басқа облыстарда да жалғасын таппақ. Кейін барлық жұмыс қорытындыланып, халықтың ұсыныс-пікірлерінің негізінде нақты жобалар жоспарланатын болады, - деді шара мақсаты туралы ой бөліскен «Қазақстан-2050» қозғалысы» кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Мұхтар Манкеев.

zhaikpress.kz

IMG_4399 IMG_4406

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале