15.08.2017, 18:54
Оқылды: 41

Әсия Аманбаева: «Өңірде спорттық нысандар жетіспейді»

Screenshot_2017-08-16-06-45-52-1БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстан облысында олимпиадалық және бұқаралық спорт түрлерінің даму жағдайы мен болашағы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.


Бұған облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Әсия Аманбаева қатысып, өңіріміздегі спорттың бүгінгі жағдайы мен оны дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

- Биыл дене шынықтыру және спорттың дамуына 3 056 264,0 мың теңге бөлінді, осы қаражаттың жарты жылда 56 пайызы игерілді. Өткен жылы, яғни 2016 жылы 3 512 522,0 мың теңге бөлініп, ол толықтай игерілді.

Қазіргі таңда өңірімізде спорттық нысандар саны жетіспейді. Қысқы спорт түрлерін дамытуға тиімді жағдай жасау мақсатында КПО б.в. компаниясының қолдауымен «Жастар» стадионында жасанды мұз айдынын салу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Зеленов ауданындағы Переметный ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Аталған кешенде ойын залы (волейбол, баскетбол, шағын футбол), жекпе-жек және жаттығу залы болады. Кешен биыл қараша айында қолданысқа берілмек.

2020 жылға дейін аймақты дамыту бағдарламасы аясында жергілікті бюджет есебінен (қала, аудан, селолық округ) биыл облыста (селолық жерлерде) төрт спорт алаңы салынды. Жыл аяғына дейін аталған бағдарлама бойынша жергілікті бюджет есебінен (қала, аудан, селолық округ) 28 спорт алаңы салынуы тиіс. Спорт алаңдарының 13-і Орал қаласында, 15-і аудан орталығы мен селолық округтарда салынбақ, -деген Әсия Рахымқызы әзірге облыстағы 12 ауданның ішінде тек Бөкей Ордасы мен Бөрлі ауданында ғана барлық селолық округтердің спорттық алаңдармен қамтылғанын айтты.

Жиын соңында басқарма басшысына БАҚ өкілдері тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, бұған тиісті жауаптар қайтарылды.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале