2.06.2020, 11:26
Оқылды: 192

Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге нақты тапсырма берді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге нақты тапсырма берді.

BA65EE35-61E5-47BA-8AD2-0B214DB362B8

«Жалпы жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралатын болады», - деді Асқар Мамин.

Осыған байланысты Премьер-Министр бірқатар министрлік пен әкімдерге нақты тапсырмалар берді.

«Бірінші - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктері әкімдіктермен бірге барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыспен қамтуды жандандыруда нақты шаралар қабылдасын.

Екінші - өңірлердің әкімдіктері бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың барлық көрсеткішіне қол жеткізуді қамтамасыз етсін.

Үшінші - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктердің жоспарланған индикаторларға, әсіресе азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бөлігінде қол жеткізген нәтижелеріне сапалы талдау мен мониторинг жүргізсін. Ералы Лұқпанұлы, бақылау өзіңізде», - деді Үкімет басшысы орынбасары Ералы Тоғжановқа.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале