20.02.2020, 16:42
Оқылды: 109

     Әскери бөлім 25 жылдығын атап өтті

Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

Сарбаздар мен қызметшілер, ішкі әскер ардагерлері жиналған кеште бөлім командирі, подполковник Ербол Антай:

– Біздің әскери бөлім 1995 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысымен 5515 әскери бөлімінің батальоны базасында құрылды. Елдегі тұрақтылықты сақтау, 16 және 126 түзету мекемелерін күзету міндеттерін мүлтіксіз атқарып жүрген бөлімімізге 2001 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі әскер қолбасшысы, генерал-полковник К.Сүлейменов Қарулы Күштеріміздің әскери ерлігі мен даңқының символы саналатын әскери туды тарту етті. Бөлім сарбаздары ерлікке толы бабалар жолын жалғап келеді. Барлығыңызды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, – деп әскери бөлімнің тұңғыш командирі болған Сергей Юрченкоға ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың  «Ұлттық ұлан үздігі» төсбелгісін тақты.

Салтанатты кеште өңіріміздегі ғана емес, еліміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіп пен түзету мекемелерін күзетуде қырағылық танытқан сарбазға да құрмет көрсетілді. Бөлім командирі Ербол Антай қала әкімі Абат Шыныбековтың алғысхатымен марапатталды.

Жиын соңы әскери бөлім оркестрі мен өңір өнерпаздарының концертіне ұласты.

 

 

военный часть 2

военный часть 3

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале