2.02.2017, 18:10
Оқылды: 50

Аспаннан алтын жауған күн

Universiada  Алматыда өтіп жатқан Дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсиада ойындарының төртінші жарыс күні қоржынға бірден төрт алтын түсті. Төртінші алтынды шаңғышы Иван Люфт жеңіп алды.


  Шаңғышылар арасындағы классикалық стильдегі жекелей жарыста Қазақстан намысын үш спортшы қорғады. Олар – Олжас Климин, Александр Малышев және Иван Люфт. Біздің жігіттерге ресейлік Владимир Фролов, Юрий Гаврилов және Егор Березин қарсылас атанды.

  Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлде Иван Люфтке бұйырды. Күміс ресейлік Фроловтың еншісінде кетті. Қола жүлдені де ресейлік Егор Березин жеңіп алды. Ал біздің Климин мен Малышев бесінші-алтыншы орындарды бөлісті.

  Сонымен Қазақстанның қоржынында 6 алтын,  2 күміс, 7 қола барлығы 15 медаль бар. Жалпы есеп бойынша, екінші орындамыз. Көш басында көрші Ресей елі. Оларда 13 алтын, 13 күміс, 6 қола барлығы 32 медаль.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале