5.07.2018, 18:17
Оқылды: 76

Астана тойына арналған «Білгірлер бәйгесі»

bilgirlerЕлорданың 20 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтіп, Астананың әлемдік аренадағы беделін, жаһандық жаңғырудағы рөлін насихаттау мақсатында Орал қаласындағы оқушылар және жастар сарайында бастауыш партия ұйымдарының қатысуымен «Білгірлер бәйгесі» атты шара өтті.


 

Аталмыш сайысқа «Юнисерв» ЖШС мен «Батыс Энергоресурсы»  ЖШС-ның қызметкерлері қатысты. Олар «Бәйтерек», «Ханшатыр» болып, екі топқа бөлініп, үш кезең бойынша сынға түсті.

Бірінші кезенде «Ханшатыр» тобы қойылған 10 сұрақтың 6-уына, «Бәйтерек» тобы 5-уіне дұрыс жауап берді. Келесі кезеңде қатысушыларға логикалық тұрғыдан сұрақтар қойылды. Соңғы кезеңде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, қазақтың хандары мен билері, Астана қаласының өткені мен бүгіні  сондай-ақ  түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне қатысты сұрақтарға жауап іздеді. Нәтижесінде 56 ұпаймен «Ханшатыр» тобы бірінші орын, «Бәйтерек» тобы екінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға дипломдармен сыйлықтар берілді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале