20.07.2017, 10:41
Оқылды: 71

Астанада облысымыздың мәдениет күндері өтпек

EXPO   Шілденің 31-і мен тамыз­дың 4-і күндері Астана қа­­ла­­сын­­да Батыс Қазақстан об­лы­­сы­­ның мәдениет күнде­рі өтпек.

    Мәдениет күндері аясында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыс­тық филармонияның Дәулетке­рей атындағы қазақ ұлт аспапта­ры оркестрі, Орал қаласының өнер ұжымдары, облыстық эстра­да­­­лық-симфониялық оркестрі, «Орал сазы» фольклорлық-этногра­фия­лық ансмаблі мен «Назерке» халық биі ансамблінің концерттері өтеді.


     Облыстық қазақ драма театры­ның ұжымы Елордадағы Қ. Қуа­нышбаев атындағы театрда шілде­нің 31-інде және тамыздың 1-інде Еврипидтің «Троя арулары» мен тамыздың 2-сі мен 3-і күндері Ф. Буляковтің «Қысқа ғұмыр» мұң­ды драмасын, А. Островский атын­да­ғы облыстық драма театры­ның әртістері М. Горький атындағы театрда шілденің 31-інде Жан Ба­тист Мольердің «Лекарь поневоле», тамыздың 1-інде А.Островскийдың «Последняя жертва», тамыздың 2-сінде У. Шекспирдің «Он екін­ші түн», тамыздың 3-інде Лопе де Ве­га­ның «Дурочка» қойы­лым­дарын сахналайды.

     Еліміздің бас қаласындағы этно­­ауыл­да об­лыс­тық тарихи-өл­ке­та­­ну музейі «Жа­йық­­тың жау­һар мұ­­­ра­­ла­­ры» көр­ме­­сін ұйым­дастыр­­­са, об­лыс­тық ха­­­лық шы­ғар­ма­шы­­­лы­­­ғы ор­та­лы­­ғы «ЭКСПО – 2017» – әлем көр­месі­не сая­­хат» сәндік қолдан­балы қол­өнер шеберлері және суретші­лер көрмесін жабдықтайды. Соны­мен қатар этноауылда ұлт­тық спорт түрлерінен тамыздың 3-інде қазақ күресі, теңге ілу, ау­дарыс­­пақ, келесі күні жамбы ату, қыз қуу ойындары және тазы мен төбет жарысы ұйымдастырылса, «Қаза­нат» алаңында көкпар өт­кі­зіліп, театр­ландырылған концерт қойылады.

   Тамыздың 4-інде «ЭКСПО — 2017» алаңындағы корпоративтік павильонда өңірдегі инновациялық жо­балармен таныстыру рәсімі өтіп, облыс экономикасына инвес­тиция тартуды көздейтін меморандумдар мен келісімдерге қол қойылады деп күтілуде. Сол күні кешке облыстың мәдениет күн­де­рі аясында өтетін іс-шаралар «ЭКСПО» алаңындағы амфитеатрда Ғ. Құрманғалиев атындағы облыс­тық филармония ұйымдастыратын концертпен тәмамдалмақ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале