7.06.2017, 18:10
Оқылды: 21

Астанада Елбасы жүлдесіне арналған бәйге өтеді

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне ат спорты түрлерінен «ЭКСПО КУБОГЫН» ұйымдастыру бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Ат жарысы биылғы жылдың 11 маусымында сағат 10:00де Астана қаласының «Қазанат» ипподромында басталады.

Жарыс бағдарламасына аламан бәйге – 25 шақырым, топ бәйге – 15 шақырым, жорға аттар жарысы – 7 шақырым, құнан бәйге – 7 шақырым, 2400 және 1800 метрге ұшқыр аттар жарысы (гладкие скачки) өтеді.

Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасы Елсияр Баймұхамедұлының айтуынша, ұшқыр аттар жарысы бойынша (2400 және 1800м) сыйақы қоры – 63млн 600мың теңгені (200 мың долл.) құрады. Ұлттық жарыс түрлерінің сыйақы мөлшері – 36 млн теңге (115 мың долл.). Сома жүлдегерлер арасында 5-ші орынға дейін бөлініп беріледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау жарыс аяқталған соң жүргізіледі.

ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы» президенті Бекболат Қанайұлының сөзінше, 130-дан астам еліміздің жүйріктері тіркелді.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Экспо-2017» халықаралық көрмесі аясында халықаралық деңгейдегі 18 ауқымды спорттық шара ұйымдастырады. Еліміздің өңірлері де спорттық сайыстардан қалыс қалмайды. Халықаралық көрме аясында Қазақстанның 14 облысында 20-дан астам спорттық сайыстар өткізіледі.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале