23.02.2017, 15:48
Оқылды: 18

Ата-аналар балаларының өміріне жауапсыз қарайды

Облыстық балалар ауруханасында өткен брифингте дәрігерлер осылай деді. Айта кетейік, өткен жылы 9 мыңға жуық бала жарақат алған.


- 2016 жылы 9 бала биіктен құлады. Тіпті 9 - қабаттан құлағандар бар. Басты себебі – терезелерде тордың дұрыс орнатылмауы. Қалай ата-аналарды кінәламайсыз? Сондай-ақ балалар түрлі қауіпті заттарды жұтып қояды. Өткен жылдың өзінде 52 балаға ота жасалды. Осы жылдың қаңтарында ауруханаға денесінің 63% күйік шалған 1,8 жастағы бала түсті. Сәби екі апта жан сақтау бөлімінде жатты. Қазір баланың жағдай орташа, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар хирургі Александр Гехман.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале