1.07.2020, 9:45
Оқылды: 51

Атырауда кәсіпкерлер облыстық ауруханаға 2 жасанды тыныс беру аппаратын сыйлады

Атырауда кәсіпкерлер 2 өкпені жасанды желдету аппаратын сыйлады.

4F9AC85C-983A-4074-9311-E6318654FB07

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұған дейін облыста өкпені жасанды желдететін 111 аппарат болған. Енді кәсіпкерлердің демеушілігімен облыстық ауруханаға коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуде қолданылатын осындай 2 аппарат алынған.

«Барша жұртқа қауіп төндірген індетті ауыздықтау үшін, ең алдымен, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді. Билік ақ халатты абзал жандарға барынша жағдай жасауда. Дегенмен бәріміз бір мезетте жұмылып күрессек, бұл індеттен арылудың ауылы алыс емес деп білемін. Бірер күн бұрын облыстағы ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерімізді осы індетпен жұмылып күресуге шақырған едім. Іле-шала қолдау білдіруші кәсіпорындар табылды. Оларға алғыс білдіреміз. Осындай қиын кезеңде бір-бірімізге демеу болсақ, бұл індетті де бірге жеңеміз», - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале