5.03.2018, 14:02
Оқылды: 76

Аудандық мәслихаттарға сайлау өтеді

 

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ.Х.Қапақовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте Батыс Қазақстан облысындағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат берілді.

Ғ.Қапақовтың айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туалы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 101-бабы, 4-тармағына және 2018 жылғы 25 наурызға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы мәслихаттарының шығып қалған депуттарының орнына сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 23 ақпан күні кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталған.

Шығып қалған депуттарының орнына сайлау өткізу:

Жәнібек аудандық мәслихатына:

-№ 10 Борсы сайлау округі бойынша;

Зеленов аудандық мәслихатына:

-№ 11 Макаров сайлау округі бойынша;

Казталов аудандық мәслихатына:

-№ 13 Қарасу сайлау округі бойынша;

Шыңғырлау аудандық мәслихатына:

-№ 6 Қызылкөл сайлау округі бойынша тағайындалған.

24 ақпандағы жағдайға сәйкес, 12 кандидат ұсынылған. Оның 8-і өзін-өзі ұсыну жолымен және 4-і саяси партиямен ұсынылған («Нұр Отан»). Ұсынылған кандидаттардың 10-ы ерлер, 2-і әйелдер, барлығының ұлты - қазақ.

Сайлау өткізілетін 4 сайлау округінің құрамына 17 сайлау учаскесі кіреді және бүгінгі таңда күнтізбелік жоспарға сай жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімін нақтылау жұмыстарын атқаруда. Сайлау комиссияларына арыз-шағымдар түскен жоқ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале