15.02.2018, 18:05
Оқылды: 34

Ауған соғысының құрбандарын еске алды

received_806606266204126Орал қаласындағы Жеңіс алаңында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлердің есімдерін ұлықтауға арналған салтанатты шара өтті.

Аталмыш митингке Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының бастығы, полковник Болат Смағұлов, Ресей Федерациясының Орал қаласындағы консулы Владимир Волков, сондай-ақ зейнеткер ұстаз Любовь Федулеева мен «Ауған соғысының мүгедектері және ардагерлерінің БҚО қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тахир Қосжанов және ауған соғысының ардагерлері қатысты.

Ерлікті ұлықтауға арналған шараға жиналғандар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жариялады.

Содан соң Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов елімізден аттанған жауынгерлердің ерліктерін еске алып, олардың ин-тернационалдық борыштарын абыроймен атқарғанын айтты.

-Ауған соғысының аяқталғанына 29 жыл толғанымен, сол бір зұлмат жылдардың қайғы-қасіреті әлі де болса көптің көкейінде. Себебі талай отбасын қан жылатқан сол соғыста біреу ұлынан, енді біреу асыл жарынан, ал біреулер әкелерінен айырылды. Сондықтан қыршын кеткен боздақтардың ерліктеріне тағзым етіп, құрмет көрсету – біздің міндетіміз», – деді Мирболат Сағынғалиұлы.

Шара барысында он жылға созылған отты жылдар туралы естеліктер айтылып, Ауғанстан жерінде қаза тапқан боздақтарға арнап ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Гүлсезім БИЯШЕВА

Сурет: Темірболат Тоқмамбетов

received_806606299537456 received_806606122870807 received_806606122870807 received_806606289537457 received_806606236204129 received_806606266204126

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале