20.10.2017, 15:41
Оқылды: 26

Ауыр атлетикадан БҚО-ның ашық чемпионаты өтуде

 

Оралда ауыр атлетикадан 2001 жылғы жəне одан кіші жастағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында БҚО-ның ашық чемпионаты  өтуде. Оған Татарстан Республикасының, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының, сонымен қатар Қазталов, Сырым аудандары мен Орал қаласының командалары, барлығы 50-ден астам спортшы қатысуда, деп хабарлайды БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

- Ауыр атлетика əлемдік спортта жоғары рейтингті иеленіп жүрген, жастар тарапынан үлкен сұраныс тауып отырған басымды олимпиадалық спорт түрі екені белгілі. Бүгінгі жарыста барша командаларға жеңіс тілеймін, - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асия Аманбаева чемпионаттың ашылу салтанатында.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале