10.07.2019, 11:50
Оқылды: 208

Австриямен ынтымақтастық нығая түспек

Батыс Қазақстан облысының делегациясы 2 шілде күні жоғарғы Австрия федералдық жеріне жұмыс сапарымен барды.

avstria (3)

Сапар барысында Орал қаласы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов Велс қаласының бургомистрі Андреас Рабльмен кездесіп, екі қала арасында серіктестік қарым-қатынас орнату мәселесін талқылады.

Тараптар екіжақты байланыстың дамуы туралы пікір алмасып, нақты жобалар туралы бағыттарды талқылады. Кездесуде Орал мен Велс қалалары арасында экономика, білім, туризм және тағы басқа салаларда әріптестік жайы қозғалып, мәдени байланыстардың дамуына да ерекше көңіл аударылды.

avstria (4)

Жоғары Австрия экономикалық жағынан дамыған үш федералдық өңірдің бірі. Оның үлесіне елдің ЖІӨ-нің 17% тиесілі. Өңірдің жалпы өнімі – өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, эко-энергетика. Велс қаласында жыл сайын өтетін халықаралық жәрмеңкеге әлемнің мықты кәсіпкерлері қатысады. Жәрмеңке Еуропаның маңызды коммерциялық шаралары қатарына кіреді.

avstria (5)

Қазақстандық делегация федералдық жердің инвестициялық әлеуетімен және Аустрияның «жасыл» экономикасының бірқатар жетекші өндірісімен танысты. Атап айтқанда, Велс қаласында орналасқан «Fronius» кәсіпорнының штаб пәтеріне барды. Компания әзірлейтін және қолданатын инновациялық технологиялар австриялық өнеркәсіптің жоғары даму деңгейін көрсетеді.

Сонымен қатар делегация «Fachhochschule» жоғары арнайы оқу орнымен, робототехника және автоматтандыру саласындағы оқу бағдарламаларымен, олардың ауыл шаруашылығында қолданылуымен танысты. Екі тарап жоғары оқу орындардың арасында ынтымақтастықты орнату туралы талқылады.

avstria (2)

Сапар соңында «Қазақстанның інжулері - Ұлы Дала сарыны» жобасы аясында «Орал сазы» фольклорлық ансамблі мен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармонияның «Салтанат» би тобы өнер көрсетті.

austria kultura (1)

Кешкежоғарғы Австрия федералдық жерінің саяси, іскерлік және мәдени топтарының өкілдері қатысты.

www.mfa.kz сайтынан

austria kultura (8)

austria kultura (9)

 

austria kultura (5)

austria kultura (4)

austria kultura (7)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале