12.05.2017, 10:58
Оқылды: 25

«Автоураган» бір күнде 9 борышкерді анықтады

Орал қаласының аумағында «Борышкер-2017»  акциясы басталды. 10-20 мамыр аралығында өтетін бұл  шараның мақсаты - әкімшілік айыппұлдарын төлемей жүрген тұлғаларды анықтап, түсінік жұмыстарын жүргізу, айыппұлдарды өндіру жұмыстарының қарқынын көтеру.

Жедел алдын алу шарасының алғашқы бірінші  күнінде жұмылған құзыретті органдар  «Автоураган»  жылжымалы кешені көмегімен 9 автокөлікті ұстады. Яғни, бұл 9 көлік иесі әкімшілік айыппұлдарын төлемей, мойындарына борыш қылып жүргендері мәлім болды. Бұған дейін 2017 жылғы ақпанның 20-28 аралығында ұйымдастырылған «Борышкер» жедел алдын алу шарасы кезінде 1 миллион 920 мың 453 теңге өндірілді. 325 мекенжай тексерілді. Бұл жолғы акция мамырдың жиырмасына дейін  жалғасады.

Гүламан Исмагулова,

Орал қ.ІІБ баспасөз қызметкері

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале