8.02.2017, 11:48
Оқылды: 55

Өңірімізде аяз әлі бірнеше күнге созылуы мүмкін

 Salkin moroz «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының ақпаратына сәйкес, 2017 жылдың 7-10 ақпаны аралығында Батыс Қазақстан облысының кей жерлері мен Орал қаласында аса суық болады деп күтілуде. Ауаның тәуліктік орташа температурасы климаттық шамадан төмен болады.

  Облыстың көптеген аудандарында түнгі уақытта ауа температурасының ең төмен көрсеткіші -22...-27 градус, кей жерлерде -32, күндіз -17...-22, кей жерлерде -25 болады деп күтілуде. Орал қаласында -25 градус.

  БҚО ТЖД мамандары тұрғындарды аяз кезінде өте сақ болуға және қайғылы жағдайларды болдырмауға көмегін беретін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

  • Аяз кезінде аса қажет болмаған жағдайда, далаға шықпаңыз. Балаларыңызды серуенге жібермеңіз! Жылы киініп, тоңазып немесе үсіп қалудан сақтаныңыз. Көшедегі егде адамдар мен қарт адамдарға көмек көрсетіңіз;
  • Үйді жылыту кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, электр желісінің, қолдан жасалған электр жылытқыштарының шамадан артық жүктелуіне, пештің балқуына жол бермеңіз. Үйдегі жылуды сақтаңыз!
  • Жолға шыққанда мұқият және абай болыңыз! Мүмкіндігінше алыс жолға шығудан бас тартыңыз!

Егер жеке автокөлігіңізбен жолға шығу аса қажет болған жағдайда:

  • автокөлігіңіздің төмен температурада жұмыс жасауын қадағалаңыз;
  • көлікті басқару кезінде қауіпсіз қашықтықты ұстаныңыз, оқыс оңтайландырудан қашқақтаңыз;
  • жылдамдықты ауа-райының жағдайына қарай таңдаңыз;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін ТЖД, ІІД, жол қызметінің ұсынымдарына құлақ асыңыз;
  • егер де Сіз алыс жолға шығуға жиналған болсаңыз, өзіңізбен бірге жылы киімдер, сусын мен тағам, қажетті құрал-жабдықтарды алыңыз.

Қиын жағдайға душар болсаңыз, «112» және «101» телефондарына қоңырау шалыңыз.

(**,­®,)

-10-15(-18)

-15-20(-23)

(**,­®)

-13-18(-21)

-18-23(-28)

Б/о

-17-22(-25)

-22-27(-32)

Б/о

-17-22(-25)

-22-27(-32)

БҚО ТЖД Мемлекеттік

тіл және ақпарат тобы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале