2.06.2017, 16:58
Оқылды: 60

Азаматтық Альянстың балаларға тартуы

20170601_113734Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «БҚО Азаматтық Альянс қауымдастығы» ЗТБ-нің мұрындық болуымен және Орал қалалық әкімдігінің қолдауымен қалада бірқатар мерекелік шаралар өткізді.


Аталмыш мереке 31 мамыр күні «Шаңырақ» балалар үйінен бастау алып, қалалық мәдениет және демалыс саябағында жалғасын тапты. Мереке өз дәрежесінде өтіп, бүлдіршіндерге естен кетпес қуанышты сәттер сыйлады. Оларға Азаматтық Альянстың атынан және басқа да жүрегі жомарт қайырымды жандардың демеушілік көмегімен көптеген сыйлықтар тарту етілді.

1 маусымда КАЗИИТУ ғылыми-білім кешенімен бірлесіп, «Диабет», «Бәйтерек», «Арба» қоғамдық бірлестіктеріндегі, БҚО саңыраулар қоғамындағы және БҚО мүгедектер қоғамындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өткізді.

20170601_162731Бүлдіршіндерді мерекемен құттықтаған КАЗИИТУ ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы А.Әйтімов, облыс әкімінің кеңесшісі, БҚО мүгедектер қоғамының төрағасы Ж.Қожжанов, Азаматтық Альянс президенті А.Туркиналар жүрекжарды тілектерін арнады, студент жастар ән шырқатып, би билетті. Сәбилер асфальт үстіне сурет салудан жарысып, үздік шыққандары сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңында Азаматтық Альянс өкілдері барлық қатысушыларға сыйлықтар таратып, балаларға тәттілер үлестірілді.

Сол күні түстен кейін қалалық көпбейінді ауруханасының перзентханасында мереке қарсаңында дүниеге келген сәбилердің аналарына бесік сыйға тартылды. Оларға арнап ақын Ақұштап Бақтыгереева аналық ақылын айтып, ақ батасын берді. Бесіктерді жасаған жеке кәсіпкер Нұрділдә Алсиеуов мырза да  арнайы келіп, лебізін білдірді.

Әйгерім Омарова

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале