2.12.2016, 9:17
Оқылды: 63

Азия чемпионатының алтыны мен күмісі - БҚО қоржынында

toguzkumalak-zko24-30 қараша аралығында Алтай Республикасы, Таулы Алтай қаласында тоғызқұмалақтан жастар арасында классика, блиц және рапид түрлерінен Азия чемпионаты өтті.


БҚО спорт, дене шынықтыру және туризм басқармасының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің хабарлауынша, жеті елдің қатысуымен өткен байрақты бəсекеде облыс тоғызқұмалақшылары сəтті өнер көрсеткен.

Жарыс қорытындысы бойынша, Қайыржанов Əсет Асет 19 жасарлар арасында блиц түрінен чемпион атанса, ал классика түрінен Сағынбаев Жарасхан күміс жүлдеге ие болыпты.

Облыс тоғызқұмалақшыларының жеңіске жетуіне БҚО құрамасының жаттықтырушысы Дәулет Əбдікəрімовтің еңбегі зор.

Айта кетейік, Әсет осымен екінші рет Азия чемпионы атанып отыр.

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале