8.12.2016, 12:50
Оқылды: 58

БҚО-да жұмысшы жастар форумда бас қосты

15424680_607153162816105_1520819946_nБүгін облысымыздың жұмысшы жастары  Орал трансформатор зауытында бас қосты. Өңірімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған Батыс Қазақстан облысының жұмысшы жастарының форумына қаламыздың әртүрлі зауыттары мен кәсіпорындарында, өнеркәсіп салаларында жұмыс жасайтын жастар мен жұмысшы мамандықтарында білім алып жатқан студенттер қатысуда. Сонымен қатар көптеген мекеме басшылары мен жастар ұйымдарының жетекшілері де бар.


Форумға қатысушы жастар ең алдымен трансформатор зауытының жұмысымен танысып, мұндағы әр құрылғылар мен станоктарды көзбен көріп, трансформатордың қалай жасалатындығына куә болды. Сондай-ақ мұндағы жұмысшылармен пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш  зауыттағы қызметкерлердің 90 пайызын жастар құрайды.

Шараның пленарлық мәжілісінде жұмысшы жастар мен жұмыс беруші кәсіпорын басшылары, жастар ұйымдарының өкілдері мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, студенттер өзара диалогтық алаңда өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салмақ.

Айта кетелік, облысымызда 145 мыңға жуық жастар болса, оның 40 мыңдайы жұмысшы мамандықтарында қызмет етеді.

Шара облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен БҚО Жастар қауымдастығы және «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілуде. Жиын соңында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен кәсіпорындар арасында меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Ләззат ШАҒАТАЙ

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале