14.04.2017, 15:07
Оқылды: 67

Байқау жеңімпаздары марапатталды

Ashir MoldagayinovА.Островский атындағы драма театрында Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасындағы бірінші республикалық вокалистер конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.


  Белгілі өнер иесі Әшір Молдағайыновтың шығармашылығын болашақ ұрпаққа кеңінен насихаттап, жас таланттарды халыққа таныстыруды мақсат еткен конкурсты облыс әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы ұйымдастырды.

Бірнеше кезеңнен тұрған байқауға елміздің әр түкпірінен келген қатысушылар ХVII-IXX ғасырлардағы батыс европалық композиторлардың арияларын, Әшір Молдағайыновтың романстары мен шығармаларын орындап бақ сынады.

Байқаудың бас жүлдесін астаналық Алтынбек Әбділда жеңіп алса, бірінші орынды қызылордалық Дархан Жамантаев пен петропавлдық Лейла Аламанова иеленді.

Байқауға қатысушыларға ризашылығын білідірген облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы  Дәулеткерей  Құсайынов композитордың жұбайы, танымал әнші Жұмағаным Рахимоваға облыс әкімінің құттықтау хатын табыстады.

Гала концертте қазақтың ән өнеріне лирикалық әндерімен қолтаңбасын қалдырған Әшір Молдағайыновтың өнері мен өмірі туралы бейнефильм көрсетілді.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале