14.12.2016, 14:23
Оқылды: 66

Байланыс қызметкерлеріне құрмет көрсетілді  

telekomБүгін Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесіне орай салтанатты шара өткізді. Достық үйінде өткен мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов, мекеме-кәсіпорын басшылары мен аудандық құрылым бөлімшелерінің өкілдері қатысты.


Аталмыш шарада облыстық телекоммуникация мекемесінің директоры Болатбек Қанафин құттықтау сөз сөйлеп, ұжымның егемендік алған жылдары жеткен жетістіктерімен бөлісті.

- Еліміз егемендік алған 25 жылдың ішінде барлық сала бойынша көптеген жетістіктерге жеткенінің куәсіміз. Мемлекет халқын сапалы байланыспен қамту мақсатында сіздер қызмет ететін «Қазақтелеком» АҚ-ның қол жеткізген табысы зор деп білемін. Біздің өңірдегі облыстық телекоммуникациялар дирекциясы бүгінде 900 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сіздер еліміздің барлық тұрғынын заманауи ақпараттық жүйемен, сапалы байланыспен қамту мақсатында аянбай еңбек етіп жүрсіздер.

telekom-2Соңғы мәліметтерге сүйенсек, облыс көлемінде 134 мың адам байланыспен, 44 мың тұрғын ғаламтормен қамтылып отыр. Бұл - үлкен көрсеткіш. Сонымен қатар өңірімізде соңғы жылдары талшықты-оптикалық байланыспен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Келер жылы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесін кеңейтуге орай бірқатар жұмыстар жоспарлануда. Осындай маңызды салада қызмет етіп жүрген сіздерге жемісті еңбек пен отбасыларыңа амандық тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын, - деді байланыс саласы қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары  Игорь Стексов.

Салтанатты жиында жыл бойына ұйымдастырылған байқаулар жеңімпаздары мен осы салаға еңбегі сіңген қызметкерлер марапатталды. Олардың қатарында Бөрлі аудандық бөлімшесінің маманы Жаңыл Оспанғалиева, Сырым аудандық бөлімшесінің инженері Дамир Валитов, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Мәншүк Тастілеуова сынды сала мамандары бар.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале