7.07.2020, 17:14
Оқылды: 125

Байланыссыз көше автокинотеатры ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 6 шілде күні Елордамыздың туған күніне орай Жәңгір хан 160 мекенжайында орналасқан автоХҚО-ның автотұрағында елімізде орын алған төтенше жағдайды ескере отырып жастардың бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ қазақ кино өнерін қолдау мақсатында ашық аспан астында Нұрлан Қоянбаевтың «My love is Айсұлу» фильмі байланыссыз кинокөрсетілімі көрсетілді.

838209B6-6FE9-4B68-AE38-5B6F5F885293

Автотұрақта өткізілген ерекше форматтағы шараға келушілер 240 автокөлікпен келіп, санитарлық нормаларды сақтай отырып, отандық фильмді тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

7E4F4A2F-D718-4691-B450-50E8BFD7E994

Кинокөрсетілімге келушілерге басты қойылған талаптар: келушілер автотұрақта белгілі қашықтықты сақтай отырып өз көліктерінен шықпай кино көру; медициналық қорғаныш маска кию; әр 20 минут сайын қолды антисептикалық сұйықпен сүртіп отыру.

Кинокөрсетілім барысында Ақжайық волонтерлері келушілерге әлемді жайлаған індеттен сақтану жолдары туралы ақпараттық парақтар, маскалар мен тәттілер таратты.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале