15.10.2019, 19:17
Оқылды: 98

Бәйтерек ауданында тұрғын үй кезегінде 559 адам тұр

Бүгінде Бәйтерек ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу кезегінде 559 адам тұр. Оның 269 – жетім, 164 – әлеуметтік жағдайы төмен топқа жататындар, 55-і – мемлекеттік және ұйым қызметкері, әскери қызметкерлер. Ал 28-і тұрғын үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған.

ui

-Переметный ауылында бір көп қабатты үйді күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Құрылыстың сметалық құны – 4 393,4 мың. теңге. Жергілікті бюджеттен 30 млн. теңге бөлініп, Дариян, Переметное, Железнов ауылдарында 4 көп пәтерлі тұрғын үйдің жөндеуі басталды. Сонымен қатар тағы 12 үйді күрделі жөндеу жоспарда. Олардың арасында Переметное ауылынан – 4, Дарияннан – 6, Үлкен-Шағаннан – 2 үй бар, - деді БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Асхат Берлешұлы.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале