17.08.2020, 9:39
Оқылды: 296

  Бәйтеректе жол жөндеу басты назарда

Бәйтерек ауданында жұмыс сапарымен болған өңір басшысы Ғали Есқалиев аудан орталығына кіреберіс, ауылішілік, Переметный-Егіндібұлақ және Переметный-Шалғай тас жолдарының жөндеу ісінің қалай жүріп жатқанын көрді. Бүгінде Егіндібұлақ ауылына барар тас жолдың жоспарланған 13 шақырымы, аудан орталығына кірер жолдың сегіз шақырымының жұмыстары аяқталған.

1

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Радим Рахметовтың айтуынша, биыл Бәйтеректе жалпы ұзындығы 87 шақырым болатын жол салынуда екен. Оның 54 шақырымы ауылдарға апарар жолдар болса, 33 шақырымы ауыл көшелеріне төселіп жатқан асфальт. Бұл жұмыстарға толығымен жергілікті тұрғындар тартылған. Бүгінде біраз жұмыс аяқтала келіпті.

1 -1

Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов барлық жол салу ісі жоспарға сай орындалып жатқанымен кей нысандарда, атап айтсақ, Асан және Мичурин ауылдарындағы жұмыстар баяу жүріп жатқанын айтып, бөлінген қаражаттың да уақтылы түспей тұрғанын жеткізді. Бұл мәселені жол салушы мердігерлер де растады.

– Жолға бөлінген қаражат ай соңына дейін түспесе, қыркүйек айында белгіленген сома толықтай түсетін болады, – деді Ғ.Есқалиев.

1-2

Өңір басшысы аудан орталығы мен Переметный-Шалғай бағытындағы және Асан мен Мичурин ауылдарындағы жол салу жұмысын ауа райы қолайлы болып тұрған шақта аяқтауды тапсырды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале