9.12.2019, 15:54
Оқылды: 206

Бақтыгерей Құлмановтың туғанына 160 жыл

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі «Рухани жаңғыру» музейінде Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Бақтыгерей Құлмановтың туғанына 160 жыл толуына орай  «Алаштың арысы» атты дөңгелек үстел өтті.

IMG_2416

Дөңгелек үстел барысында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музей қорында және мұрағат қоймаларында сақталған Бақтыгерей Ахметұлы Құлманов өмірі мен еңбек жолынан сыр шертер құжаттармен таныстырылды. Оның өмірі мен қызметі туралы өлкетанушы Танабаева Сара Есқайырқызы тоқталса, алаштанушы, доцент, БҚИТУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Дәметкен Сүлейменова Досмұханқызы Бақтыгерей Құлмановтың саяси-құқықтық көзқарасын кең көлемде зерттеп, халыққа таныту – бүгінгі тарих ғылымының міндеті екенін, тарихи тұлғаларды естен шығармау, оларды танып-білу тарихи сананы қалыптастырудың бірден-бір қайнар көзі екенін айта кетті.

Шара соңында алаштанушы Дәметкен Сүлейменова «Рухани жаңғыру музейіне» «Батыс Алашорда Арыстары», «Жаhанша Досмұхамедов hәм қазақ автономиясы» атты кітаптарын табыс етті.

IMG_2409 IMG_2441

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале