19.09.2019, 16:57
Оқылды: 168

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен қалай үй алуға болады?

«Бақытты отбасы» бағдарламасы – тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық 2 пайызбен тиімді шарттармен жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған несие. Бұл бағдарлама көп балалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасыларға арналған. Осы бағдарлама арқылы жаңа салынған үйлерден жаңа пәтер, қолданыста болған үйлерден пәтер немесе жеке тұрғын үй сатып алуға болады.

baspana2

Орал қаласы мен аудан әкімдіктері банкке жолдаманы кезекке сәйкес береді. Бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтар кезекте тұруы немесе кезекке тұрып отбасылық жағдайды растайтын (көп балалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасы) құжатты алу қажет.

Жолдама алып, банкке өтініш бергеннен кейін пәтер сатып алуға жұмсалатын нақты несие сомасы анықталады. Пәтердің бағасы 10 млн. теңгеден аспауы қажет. Несие мерзімі 20 жылға дейін. Ең төменгі бастапқы жарна несие сомасының 10% құрайды. Бастапқы жарнаны 10%-дан артық болса, ай сайынғы төлем төмен болады.

Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) артық болмауы керек (2019 жылы ЕТЖ 42 500 теңгеге тең).

Мысалы, отбасында алты адам болса, бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретің ең жоғарғы табыс келесідей болады:

6 адам х 42 500 теңге = 255 000 теңге.

Атыңызда несие бар болса, ол төлем қабілеттілігіңізге әсер етуі мүмкін.

Еске сала кетсек, бағдарлама аясында Батыс Қазақстан облысына 261 пәтерді сатып алуға 2,1 млрд.теңге бөлінген.

 Нұрлыбек Нұрланұлы

© zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале