29.03.2017, 11:43
Оқылды: 38

Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан машина жасау компаниясының өндірісімен танысты

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ірі жоғары технологиялық өндіріс кешені Батыс Қазақстан машина жасау компаниясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Нысанды аралау барысында Б. Сағынтаевқа газ турбиналары мен мұнай-газ жабдықтарын өндіретін цехті жөндеу жұмыстары жүргізілетін сервистік орталықтың жұмысы туралы баяндалды.

Машина жасау компаниясы - металл құрастырылымдарын, тұрғын мобильді ғимараттарын, құрылыс жабдықтарын және ауыл шаруашылығы жабдықтарын шығарумен айналысатын жоғары технологиялық өндірістік кешен. Сонымен қатар зауыт еліміздің қорғаныс өнеркәсібінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын әскери және азаматтық маңызға ие авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу жұмыстарын да жүргізеді.

Бұдан өзге, ҚР Президентінің тапсырмасымен кәсіпорын базасында General Electric компаниясымен бірлескен түрде, аталған фирма жабдықтарының жұмыстарын орындауға қауқарлы Қазақстандағы жалғыз ресми орталық болып табылатын газ турбиналарын жөндейтін сертификатталған сервистік орталық құрылды.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы сияқты ірі кәсіпорындар өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосады және ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауына сәйкес, Қазақстан экономикасы өсімінің жаңа үлгісін құрудағы басымдықтардың бірі болып табылатын, Үкіметтің өнеркәсіптік өндірістерді технологиялық қайта жарақтандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарында маңызды рөл атқарады. 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале