29.03.2017, 12:36
Оқылды: 42

"Басты міндет - алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету"

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында тұрғызылған тұрғын үйлерді аралады, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Нысандарды аралау барысында Б. Сағынтаев тұрғын үйлердің сапасын тексеріп, «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асыру бойынша әрі қарайғы жоспарлар туралы есепті тыңдады. Сондай-ақ  Премьер-Министрге Орал қаласының ескі апатты үйлерін құлату бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары таныстырылды.

Өңірдегі алғашқы көп пәтерлі үйлер үй құрылысы комбинаты технологиясы бойынша тұрғызылады. Оның артықшылығы үйлер салыстырмалы түрде жылдамырақ тұрғызылады. Мысалға, 72 пәтерлі үй 1,5-2 айдың ішінде тұрғызылады. Сонымен қоса құрылыс жұмыстарына отандық материалдардың жоғарғы пайызы, заманауи жабдықтар қолданылады.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қазақстанның үшінші жаңғыруы атты ҚР халқына Жолдауында отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиісті құрылыс секторын дамыту туралы міндет қойды. Осы орайда Үкімет құрылыс пен құрылыс материалдары өндірісін жаңа технологиялар трансфертімен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

«Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру маңызды міндет – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетінің шешімін табуға бағытталған.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале