29.03.2017, 10:57
Оқылды: 22

Бақытжан Сағынтаев «Орал» халықаралық әуежайының даму жоспарымен танысты

Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.

Орал қаласының халықаралық әуежайы 1972 жылы пайдалануға берілген. Аэровокзалдың өткізу қабілеті сағатына 200 жолаушыны, терминалдың өткізу қабілеті – сағатына 100 жолаушыны құрайды. Әуежай кешені қажетті арнайы техникамен және әуе кемелеріне, жолаушыларға қызмет көрсету мен ұшып-қону жолағын әрі перронды қолданыстық күйде сақтау үшін қызмет көрсететін қызметкерлермен қамтамасыз етілген.

Бұған дейін 2014-2015 жылдары әуежайдың жасанды ұшып-қону жолағында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ол барлық түрдегі заманауи әуе көліктерін қабылдауға қажетті санатты алуға мүмкіндік берді.

Айта кету керек, Орал қаласының әуежайы ел ішіндегі әрі халықаралық рейстер орындаудағы әуе қатынастарында маңызды көлік-логистикалық мәнге ие.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале