24.11.2016, 11:01
Оқылды: 27

Балаңыздың ойыншықтары тексеруден өткен бе?

%d0%ba%d1%83%d0%b1%d0%b8%d0%ba    Ойыншық баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі. Белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді. Олардың дидактикалық, бейнелік, техникалық, конструкторлық сияқты түрлері бар. Қазіргі уақытта ойыншықтардың сапасы мен құрамы ата-аналарды алаңдатады. Ойыншықтардан келетін зиян қандай? Жоспардан тыс тексерулер жүргізіле ме? Осы бағытта Ұлттық экономика министрлігіне қарасты тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жазбаша сауал жібердік.


 

Аталмыш қадағалау органы Кәсіпкерлік Кодекстің 144-бабына сәйкес адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және жою мақсатында ойыншық сататын нысандарын тексеріп, импортталған ойыншықтардың сынамасын алды.

Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу арқылы сынамаға алынған 76 сауда-саттық нысанның  56 сынамасы "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Кедендік одақтың техникалық регламентінде және мемлекетаралық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Өнімнің таңбалануына қойылатын талаптар сақталмаған, органолептикалық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейді. Яғни бояуы, иісі баланың денсаулығына зиян келтіруі әбден ықтимал. Сондықтан ойыншық аларда маркіленуіне назар аударып, шығарылған еліне мән берген жөн.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале