26.04.2018, 19:38
Оқылды: 30

"Балалардың денсаулық жағдайына байланысты шағым түспеді"

Abdrahmanova oblzdravБұрын Березов ауылында тұрған 30-дан аса баланы өткен жылдың сәуір айында дәрігерлер тексеруден өткізді. Қазақстанның ең үздік медициналық орталықтарынан келген мамандар науқастарға әртүрлі диагноз қойды. Олардың айтуынша, балалардың ауруы газбен уланғаннан емес. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова брифингте айтты.

Айта кетейік, бұл оқиға 2014 жылдың күзінде басталған еді. 28 қарашада Березов ауылының 25 оқушысы және 4 ересек тұрғыны талып қалған болатын.Сол уақытта ауылдан 5 шақырым орналасқан Қарашығанақ кен орнында жарылыс болған. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, балалардың ауруына кен орнынан мұнай мен газдың өндірілуі әсер етіп отыр. 2015 жылдың соңынан ауыл тұрғындары Ақсай қаласына көшіріле бастады. Осы жылдың басында березовтықтар түгелдей қалаға қоныс аударды.

Алғаш рет балалар 2014 жылы медициналық көмекке жүгінді. Бірден мамандар жиналып, науқастарды тексерді. Олардың ата-аналарына не істеу керектігі түсіндірілді. Ал өткен жылы олар тағы да тексеруден өтті. Соңғы кезде балалар ауруы туралы ешқандай шағым түспеді, - деді Г.Абдрахманова.

Жақында жергілікті БАҚ-та осы жылдың наурызында Альбина Исакова мен Алина Құсманғалиеваның Мәскеу қаласындағы ең көне балаларды зерттеу орталығында медициналық тексеруден өткені туралы мақала жарық көрді. Мамандар қыз балаларға мидың химиялық заттармен уланғаны жөнінде диагноз қойған.

- Қазір біздің басқармаға березовтықтар ата-аналардан арыз-шағым түспеді. Мәскеулік дәрігерлердің сараптамасына қатысты ақпарат бере алмаймыз,- деді Г.Абдрахманова.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале