2.06.2019, 9:39
Оқылды: 21

Балаларға мерекелік шара ұйымдастырылды

1 маусым  күні орталық саябаққа балалар таңнан жинала бастады. Түрлі ертегі кейіпкерлеріне енген, ерекше киінген балғындар саябақтың көркін аша түсті. Әр жерден естілген балалардың шат күлкісінен-ақ мерекелік көңіл- күйді аңғардық.

IMG-20190602-WA0018

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Гумарованың айтуынша, облыстық білім басқармасының қолдауымен өткен мерекелік шараға 500-ден астам бала қатысқан.  Мерекелік шарада қалалық қосымша білім беру орталығының өрендері ән-биден шашу шашып, жиналған балғындарға көтеріңкі көңіл -күй сыйлады.

IMG-20190602-WA0019

Балалар мерекесіне арнайы келген қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов бүлдіршіндерді құттықтады.

 –  Қаламызда бүлдіршіндерге бар жағдай жасалуда. Елбасымыздың  қолдауымен шаһарымызда жаңа мектептер, балабақшалар бой көтеруде.  Қала мектептерінде елу мыңға жуық, балабақшаларда он алты мыңға жуық бүлдіршін білім мен тәрбие алуда. Тәуелсіздік жылдарында қаламызда 25 жаңа білім ошағы бой көтерді. Мұның барлығы елдегі тұрақтылықтың арқасы. Балалар біздің – байлығымыз. Ең бастысы балапандарымыздың денсаулығы мықты болсын!- деді Бақытжан Хаберұлы.

Дәл осы күні Достық үйінің алдына жиналған бүлдіршіндер, этнобірлестіктердің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламаны тамашалады. Салтанатты шараға этнобірлестіктердің өкілдері  қатысып, қала тұрғындары мен балаларды мерекемен құттықтады.

«Бұл мейірімді,  қуанышқа толы мереке – жаздың басталуымен тұспа-тұс келеді. Осы мерекемен көптен күткен демалыс басталады. Барлық балаға бақытты балалық тілеймін» деді корей этнобірлестігінің төрағасы Витали Ан.

Гүлжамал Жолдығали,

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале