Соңғы кездері қазақстандықтарды өзін банк қызметкері деп таныстырып, клиент ақшасына көз салатын алаяқтар жиі мазалап жүр. Бұл туралы жәбірленушілер әлеуметтік желілерде де, БАҚ-да да хабарлады, деп жазады 7kun.kz.
Ең қызығы, қылмыскерлер — орыс тілділер. Қазақша сөздерді акцентпен әрең айтады. Бұған дейін де алаяқтар арам ойларын шекарадан тыс, Ресейден орындайды деген сыбыс шыққан еді.
Тағы бір жайт, оларды сұрауға алсаңыз, алаяқ екенін білуге болады. Мәселен, әңгіменің басында аты-жөндерін және банктің атын айтады, сөз соңында осы ақпаратты қайта сұрасаңыз, мүлдем басқа жауап естуіңіз мүмкін. Сондай-ақ, қылмыскерлер жәбірленушілер тарапынан қарсылықтарға ұшыраса, эмоциясын сақтай алмайды. Клиентпен агрессивті қарым-қатынас жасайды, ал нағыз банк қызметкері мұндайға жол бермейді.
Алаяқтық схемасы қалай жұмыс істейді?
Психологтардың айтуынша, алаяқтардың пайдасына үш «иә» ережесі жұмыс істейді.
Ең алдымен алаяқтар клиенттің атын атайды. Адам «иә,ол мен» деп жауап береді. Мына (клиент қызметін пайдаланатын банктің атауы) банктің клиентісіз бе деп сұралады. Клиент тағы келіседі. Содан кейін олар айтады: Картададан ақша алуға тырысып жатыр, біз операцияны жүргізіп жатқан сіз емес, алаяқтар деп ойлаймыз. Солай ма? Тағы да «иә». Келесі фразалар автоматты түрде шындық ретінде қабылданады. Егер адамнан карта нөмірін немесе SMS паролін сұраса, оны атайды.
Алаяқтар нөмірді қалай имитациялайды?
«Касперский зертханасының» жетекші антивирустық сарапшысы Сергей Головановтың сөзінше, арам ойлылар SIP деректер беру хаттамасын қолданады, ол арқылы пайдаланушыда орнатылған кез келген кіріс нөмірін көрсете алады.
«Дауыстық хабарды жіберу үшін интернет-байланыс арналары пайдаланылады, олар әдеттегі телефон байланысына қарағанда әлдеқайда жылдам, арзан және ыңғайлы. SIP хаттамасының көмегімен телефон қоңырауын жасаған кезде деректер серверге түседі, ол оны одан әрі бағыттайды. Осы сәтте нөмірді ауыстыруға болады», — деп түсіндірді Голованов.
Алаяқтар бұл әдісті белсенді пайдаланады, бірақ SIP хаттамасын заңды міндеттерді шешу үшін ойлап тапқан. Мысалы, оның көмегімен ірі компаниялар клиенттер бірыңғай нөмірге қоңырау шалу үшін қызметкерлердің телефон нөмірлерін өзгертеді.
Сондай-ақ, Голованов жалған нөмірді анықтай алатын арнайы қауіпсіздік БҚ жоқ, сондықтан қырағы болу керек екенін атап өтті.
Қалай алданбауға болады?
Тізім ВТБ және Райффайзенбанк ұсынымдары негізінде жасалған:
Ақшаны заңмен қайтаруға бола ма?
Банктер қаражатты қайтарудан бас тартқан жағдайлар аз емес, өйткені картадан ақша алу құрбанның кінәсінен болған. Бірақ, егер алаяқтық фактісін дәлелдесе, ұрланған қаражатты қайтару мүмкіндігі бар.
Ол үшін алдымен банкке қоңырау шалып, картаны бұғаттауды өтіну қажет. Содан кейін банк бөлімшесіне қаражатты қайтару туралы өтінішпен барып, полицияға арыз жазу керек. Сондай-ақ, дәлелдерді ұсынуды ұмытпаған жөн: шот бойынша үзінді көшірме, телефон қоңырауы туралы анықтама.
Ескерту: Санкцияланбаған операцияға наразылық білдіру туралы банкке өтінішті бір күн ішінде беру маңызды. Банктің өзі қызмет көрсету шарттарын бұзған, мысалы, клиентке шот бойынша операция жүргізілгені туралы хабарламаған жағдайда банктен өтемақы алуға болады.
Егер клиент операция оның келісімінсіз жасалғанын, ал банк бұл туралы хабарламағанын дәлелдесе, онда банк клиентке ұрланған ақшаны қайтаруға тиіс.
Алайда клиент банкпен жасалған шарттың талаптарымен мұқият танысуы керек. Өйткені карта бойынша жүргізілген операция туралы хабарламаны банктер көбіне СМС немесе PUSH-хабарламалар арқылы жіберілгенін емес, ақпаратты интернет-банкингке орналастыру деп қабылдайды.
Айта кетейік, егер полиция алаяқтарды ұстай алса, шартты немесе нақты мерзімге қамайды. Ал өтемақы төлеуі үшін оларға азаматтық іс қозғау керек, әйтпесе, сот қылмыскерлерден қаражатты автоматты түрде өндіріп алмайды.
Сонымен қатар, азаматтық талап бойынша нақты жаза алуы үшін тергеушіден күдіктінің мүлкін тәркілеу туралы өтінішті дереу қозғауды сұраған жөн.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер