28.02.2018, 18:05
Оқылды: 20

Банкноттарды айырбастау аяқталды

photo-20173912018 жылғы 1 наурыздан бастап екінші деңгейдегі банктер 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкноттарды айырбастауды тоқтатады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкі Батыс Қазақстан филиалының өткен баспасөз конференциясында директоры Қозыбақ Құлбарақов мәлім етті. 

Өңірдің бас банкирі жиында Ұлттық банк басқармасының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №188 қаулысы бойынша «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларына» валюта айырбасы бойынша уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталына қатысты енгізілген өзгерістер жайына тоқталып, 2018 жылғы 5 наурызда уәкілетті ұйымдардың қызметін жаңа талапқа сәйкестендіру мерзімінің аяқталатындығын мәлімдеді.

Соған орай қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті ұйымдарда облыстардың әкімшілік орталықтарында орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 20 миллион теңгеден кем емес көлемінде жарғылық капиталының болуы қажет. Бұл ретте уәкілетті ұйым қосымша айырбастау пунктін ашқан кезде, оның ақшалай нысанда қалыптастырылатын жарғылық капиталы әрбір ашылатын айырбастау пунктіне жоғарыда көрсетілген талапқа сәйкес ұлғайтылуы керек. Қағиданың жаңа редакциясында демалыс және мейрам күндері валюта бағамдарын өзгерту бойынша шектеу жойылған. Бейнебақылау жүйесінің сәйкес келуін растайтын құжат көшірмесінің және кассир туралы (ТАӘ) ақпараттың болу қажеттілігі туралы талап енгізілді. Қолма-қол шетел валютасы банкнотының айналымға жарамды белгілері анықталды,  деді Қозыбақ Әбуұлы.

Басқосуда екінші деңгейдегі банктердің 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталғаны да айтылды. Қ. Құлбарақовтың айтуынша, 2018 жылғы 1 наурыздан бастап екінші деңгейдегі банктер 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік ақшаны айырбастауды тоқтатады. Ал Ұлттық банктің филиалдары бұл банкноттарды 2021 жылғы 28 ақпанға дейін айырбастайды. Бұл ретте Ұлттық банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін хабарлайды.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале