23.10.2020, 9:11
Оқылды: 80

«Барыс» канадалық шабуылшымен келісімшартқа қол қоюы мүмкін

«Барыс» хоккей клубы канадалық спортшымен келісімшартқа отыруы мүмкін. Канадалық шабуылшы Фил Фарон өз мансабын Құрлықтық хоккей лигасында жалғастырады. 29 жастағы хоккейші «Барыспен» маусымның аяқталуына дейін жалғасатын келісімшартқа қол қоймақ.

Барыс

Фил Фарон Ұлттық хоккей лигасының өткен маусымында «Уилкс-Барре/Скрэнтон Пингвинзтен» бастап, одан«Лаваль Рокетке» ауысып өтті. Америка хоккей лигасының тұрақты чемпионатында ол 33 матчқа қатысып, пайдалылықтың «-17» және 8 минуттық айып уақыт көрсеткішінде өз үлесіне 19 ұпай (4+15) жинаған. Ұлттық хоккей лигасындағы мансабында Варон 97 матч өткізді. Ол 8 шайба кіргізіп, пайдалылықтың «-20» және 26 минут айып уақыт көрсеткішінде шайбаны 9 рет нәтижелі берген.

Оны 2009 жылғы драфт ойынның бесінші раундында жалпы 146-шы нөмірмен «Сан-Хосе» клубы таңдады. Бұған дейін ол «Баффало Сэйбрз», «Оттава Сенаторз» және «Филадельфию Флайерз» командалары үшін ойнаған.

 

inform.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале