15.08.2017, 11:54
Оқылды: 41

Басқарма басшысы тағайындалды

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып бұған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Жалмағамбетов Арман Жанатұлы тағайындалды.


Облыс әкімі Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының қызметкерлеріне жаңа басшысын таныстырып, басқарма басшысына табысты жұмыс тіледі, деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Арман Жанатұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2006 жылы Түркия Сельчук университетін, 2008 жылы АҚШ-тың Солтүстік Техас университетінде білім алған, экономика ғылымдарының магистрі.

- 2010 жылы Астана қаласындағы «Ұлттық экспертиза және сертификаттау» АҚ орталығының аудармашысы болып еңбек жолын  бастаған.

- 2011 - 2013 жылдары Астана қаласындағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының эксперті;

- 2013 - 2014 жылдары Астана қаласы өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы;

- 2014 – 2015 жылдары Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің басқарма басшысы;

- 2015 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале