21.07.2017, 12:27
Оқылды: 65

Басқармада - жаңа басшы

0O9A3029  Облыс әкімі Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлеріне жаңа басшысын таныстырды.

     Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келген, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес,  Берік Есенғалиев Абатұлы тағайындалды.


        Облыс әкімі Алтай Көлгінов басқарма басшысына табысты жұмыс тіледі.

      Берік Есенғалиев 1977 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі - жоғары. 1998 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын тәмамдаған.

1999 жылы еңбек жолын «Құрмет» зейнетақы қорының маманы ретінде бастап, кейін осы қордың өңірлік директоры, 2002-2008 жылдары  аралығында облыстағы бірнеше кәсіпорындарда басшылық қызметтерде болды.

2008-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімінің орынбасары,

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі,

2013-2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары,

   2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале