14.08.2017, 19:41
Оқылды: 54

Басқармада - жаңа басшы

Облыс әкімі Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырды.

Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып, бұған дейін «Госэкспертиза» РМК БҚО филиалы директоры болып қызмет атқарып келген Сейтқали Бауыржан Болатұлы тағайындалды.

Сейтқали Бауыржан 1981 жылы дүниеге келген. 2002 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2007 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов басқарма басшысына табысты жұмыс тіледі.

Сейтқали Бауыржан Болатұлы

- 2002 жылы еңбек жолын Батыс Қазақстан электр тораптарын тарату компаниясында заң кеңесшісі болып бастады;

- 2003-2004жж. «Құрылысконсалтинг ҰО» ААҚ БҚОФ бас маманы;

-2004-2005жж. «Құрылысконсалтинг ҰО» ААҚ БҚОФ директордың орынбасары;

-2005-2007жж. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бас маманы;

- 2007-2008жж. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы;

-2008-20011жж. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары;

-2011-2014 жж. ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары;

- 2014 жылдан бүгінге дейін «Госэкспертиза» РМК БҚО филиалы директоры болып қызмет атқарды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале