15.02.2019, 11:30
Оқылды: 50

Басқармада жаңа басшы

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына Ринат Сатымұлы Шауенов тағайындалды, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

IMG-20190215-WA0013

Білімі - жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін менеджер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Тасқала ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ​Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

2016 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале