2.02.2017, 17:54
Оқылды: 20

Баскетболдан ел чемпионатында БҚО құрамасы тұңғыш рет жүлдегер атанды

Chempioni 01  Атырау қаласында баскетболдан 2003-2004 және 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатынан БҚО құрамасы табысты оралды.


  БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа барлығы 17 команда қатысқан. Соның ішінде 8-і 2003-2004 жылғылар, 9-ы 2005-2006 жылғылар арасында сынға түсті. БҚО ұлдар құрамасы 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында облыс тарихында тұңғыш рет ҚР біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Мұнда алматылықтар бірінші, атыраулықтар екінші орынды иеленді. Оған қоса БҚО құрамасынан Мансұр Сейілханов пен Еркебұлан Бимұхамбетов «Үздік ойыншы» атағын еншіледі.

  Спортшылардың барлығы да облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Жаттықтырушысы - Досым Қуанаев.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале