14.09.2017, 17:39
Оқылды: 31

Баспасөз тарихын зерттеген магистранттар марапатталды

Бүгін баспасөз тарихын зерттеген магистранттарды облыстық қазақ драма театрында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдығына арналған салтанатты шарада "Жайық Пресс" медиахолдингі басшысы Жантас Сафуллин марапаттады.

«Жайық Пресс» ЖШС жанынан құрылған Баспасөз тарихын зерттеу орталығының жетекшісі Қазыбек Құттымұратұлының айтуынша, байқаудың басты мақсаты – қазақ баспасөзінің даму тарихы тақырыбын насихаттау, осы мәселеге жас ғалымдардың көңілін аударып, қызығушылығын арттыру, ЖОО басшыларының, тиісті кеңестердің назарын қазақ баспасөзі тарихына бағыттау, сол арқылы қазақ баспасөзі тарихын, оның ішінде Қазақстанның батыс өңірінде шыққан басылымдардың даму жолын, баспасөз бастауында тұрған тұлғалардың өмір жолы мен қызметін студенттердің курстық, дипломдық және магистрлік зерттеу жұмыстары тақырыбына айналдыруға ықпал ету.

IMG-20170914-WA0156- Байқау жарияланған сәттен бастап еліміздің белді оқу орындарына хат жолдап, біздің тарапымыздан қолдау көрсетілетінін жеткіздік. Мәселен, қажетті материалдармен қамтамасыз ету, баспасөз бетіне жұмыстарын жариялауға ықпал ету сияқты. Жалпы екі магистрлік диссертация келіп түсті. М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты Ұлболсын Молдағалиева (Батыс Қазақстандағы алғашқы қазақ баспасөзінің тілдік ерекшеліктері («Қазақстан», «Ұран», «Дұрыстық жолы» газеттері негізінде), Уфа қаласында білім алып жатқан жерлесіміз Әли Наби (XX ғасыр басындағы қазақ газеттері мен қазіргі қазақ газеттерінің мақала тақырыптарының зерттелуі) тақырыбындағы жұмыстарын ұсынды. Екі зерттеу жұмысы да тамаша жазылған. Әрбірі ғылымға қосылған үлес болды деп есептеймін. Біздің газеттер негізінде шыққан кітаптар оған негіз болғаны – біз үшін мәртебе, - деді Қ.Қабжанов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале