23.09.2019, 10:43
Оқылды: 334

Батыс дербиі тең аяқталды

Бірінші Лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-ші туры ақтаулық «Каспий» мен «Ақжайықты» тоғыстырды.

IMG_20190922_161035_574

Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионында өткен фавориттер тартысы көрерменге қызықты болды. Ақтау командасы сапында Руслан Сахалбаев пен Айдос Тәттібаев ойқастаса, оралдық Әділет Болатов пен Мелло Джакомо орталық алаңды қарамағында ұстады. Бірінші таймда есеп ашпаған қос ұжым ойынның екінші бөлігінде де жан-алысып, жан берісті. Сондай шабуылдардың бірінде ақтаулық сұрмерген Айдос Тәттібаев қапталдан көтерілген допты баспен Илья Караваев қорғаған қақпаға шегедей қадап, командасын алға шығарды. Бұл сәтсіздік Артур Авакянц шәкірттерін екі еселей шабуылдауға итермеледі. Оң қапталға жауапты Руслан Хаиров өзінің тамаша кростарымен «Каспий» қорғанысының құтын қашырса, шапшаң қималдарымен қарсыластарын қапы қалдыратын Наурызбек Жагоров та «Ақжайықты» алға сүйреді. Бірақ «Каспий» қорғаушылары мықтылық танытты. Десе де оралдық оғландар дегеніне жетпей қоймады. Орталық алаңнан келген пасты оң қапталдағы Руслан Хаировқа жолдап, орталық алаңнан келген пасты оң қапталға тастап тамаша ашылған Дәуренбек Тәжімбетов әдемі пасты голға айналдыра алды.

IMG_20190922_161035_579

Бұдан кейін «Ақжайық» қанша шабуылдаса да «Каспий» қорғанысын бұза алмады. Осылайша «Батыс дербиі» тең аяқталды.
Осы турдан кейін 40 ұпай жинаған «Ақжайық» турнир кестесінлегі 4-орнын сақтап қалды. Енді Авакянц шәкірттері кезекті матчын өз алаңында 28-қыркүйек күні өткізеді. Шығыс Қазақстан облысының «Алтай» командасын қабылдайды.

Түгелбай Бисен

«Ақжайық» футбол клубының

баспасөз қызметі

IMG_20190922_161035_583

1568985456_7

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале