17.09.2020, 11:12
Оқылды: 237

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Егізбаев өңірдегі айтыс ақындарымен кездесті

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының Айтыскерлер бөлмесінде өткен кездесуге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов,  орталық директоры Бауыржан Халиолла қатысты.

Айтыс 1

Қадыр орталығындағы кездесуге өңір басшысының орынбасары Серік Рахметоллаұлы қыркүйек айының 25-26 күндері аралығында қазақтың көрнекті ақындары Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлидің мерейтойына орай өтетін республикалық ақындар айтысына қатысушы батысқазақстандық айтыскер ақындарға сәттілік тіледі.

Айтыс 3

Кездесу барысында өңірлегі мәдени, рухани өзгерістерді тілге тиек етіп, жаңалықтармен бөлісті.

Сонымен қатар, белгілі ақын, «Алтын домбыра» иегері Жансая Мусинаға бұдан бұрын еншілеген «Қазақстан Конституциясына 25 жыл»  мерекелік медалін табыс етті.

Айтыс 2

Кездесуде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолла сөз сөйлеп, айтыскер ақындарға ізгі тілектерін арнады.

Айта кету керек, республикалық ақындар айтысына Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын алты ақын қатысады деп күтілуде.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале