29.03.2020, 15:53
Оқылды: 2441

Батыс Қазақстан облысында екі адамнан коронавирус табылды

Қазақстандағы 29 наурыз сағат 16:35 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Батыс Қазақстан облысында тiркелді, деп хабарлады www.coronavirus2020.kz сайты. Бұл - Батыс Қазақстанда коронавирус індетінің алғаш тіркелуі.

200329164210791e

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 162 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 267 науқас тіркелді.

Қазір БҚО-дағы жауапты органдар толығырақ ақпарат береді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале