1.06.2020, 11:11
Оқылды: 174

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 44 адам тіркелді

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 44 адам тіркелді.

5A241811-66BB-4B90-8115-FDEE900A54E6

 35 пациенттен өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін зертханалық сынама алынған. 9 адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, инфекциялық стационарға орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

31.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 665 адам тіркелді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале